kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

Мұғалімдер күніне орай 11”Б”сынып жетекшісі А.Б. Жанболатованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді

01.10.25ж Мұғалімдер күніне орай 11”Б”сынып жетекшісі А.Б. Жанболатованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар ұстаздарға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Іс-шараның мақсаты:мұғалім мамандығына деген құрмет пен сыйластықты арттыру.

Қарты бар үйдің-қазынасы бар

1 қазан –Қарттар күніне орай
3 «Б» сынып жетекшісі К.К Курманғалиеваның ұйымдастыруымен сынып сағаты өтті.Мақсаты – оқушыларымызға қарттарымызды құрметтеуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу және отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы туралы ой бөлісу. Сынып сағаты барысында оқушылар адамгершілік қасиеттер туралы пікірлерін ортаға салып, үлкендерге деген сүйіспеншілік пен құрмет көрсету,оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыруға бағытталды.

Мектеп президенті сайлауы өтті

Мектебімізде 01.10.25ж Мектеп президенті сайлауы өтті. Сайлауға 7-11сынып оқушылары белсенді қатысып, өз үміткерлерін ұсынды. Дауыс беру нәтижесінде 10 «Б» сынып оқушысы Абулханов Рауан Маратұлы мектеп президенті болып сайланды. Жаңа президентке сәттілік тілейміз және алдағы жұмыстарына табыс пен жауапкершілік тілейміз.

Мұғалімдер арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды

Ұстаздар мерекесіне орай 01.10.25ж мектебімізде мұғалімдер арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды. Бұл шара ұстаздарымыздың денсаулығын нығайтып, ұжымды біріктіруге бағытталды. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен ойыннан тамаша әсер алды.

Конкурс қорытындысы

Конкурс қорытындысы
Ақтау қаласы «№2 жалпы білім беретін мектеп » КММ — нің 2025 жылдың 12.09- 23 қыркүйек аралығында жарияланған конкурс нәтижесі:
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес 2025-2026 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша өткен үміткерлер тізімі:
1. Шадьярова Жеміс Амантаевна — ағылшын тілі пәні мұғалімі(уақытша);
Жұмысқа қабылданған адамдар 01.10.2025 жылдан бастап жұмысқа кіріседі.
Сәттілік тілейміз!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның қалалық кезеңіне №2 жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасынан 4 жобамен 5 оқушы қатысты

2025 жылғы 25-26 қыркүйек күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның қалалық кезеңіне №2 жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасынан 4 жобамен 5 оқушы қатысты. «Неге қазақстандық жастар ағылшын тілін оқуға белсенділік танытады?» тақырыбымен 11-сынып оқушысы Кемалова Алина, жетекшісі Жанболатова А.Б., «Кеңістік формуласы: сәулет өнерінің математикалық негіздері» тақырыбымен 10-сынып оқушысы Балтаева Камилла, жетекшісі – Балтаева Г.Р., «Қала, теңіз және зауыттар: Ақтаудың экологиялық мәселелері оқушы көзімен» тақырыбымен 8-сынып оқушылары Нургалиева Милана мен Кузина Вероника, жетекшісі Тургынбекова Ш.М. және «Заманауи электромобильдерге талдау жасау» тақырыбымен 10-сынып оқушылары Кабатуллаев Тимур мен Мусаев Муслим, жетекшісі Алагозова Г.Ж. қатысты.
Ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Балтаева Камилла жүлделі ІІ орын иеленсе, 8а сынып оқушылары Нургалиева Милана мен Кузина Вероника ІІІ орын иеленді.
«Кеңістік формуласы: сәулет өнерінің математикалық негіздері» тақырыбымен 10-сынып оқушысы Балтаева Камилла конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

«Жол жүру ережелерін білу – қауіпсіздіктің негізі,жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында профилактикалық іс-шара өтті.

Мектепте 1–12 қыркүйек аралығында «Жол жүру ережелерін білу – қауіпсіздіктің негізі,жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында профилактикалық іс-шара өтті. Іс-шараға ФЗОЖ (салауатты өмір салтын қалыптастыру) дәрігері Қосаева Загура Абсаматқызы қатысып, оқушыларға жол қауіпсіздігі, жеке бас гигиенасы және денсаулықты сақтау туралы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Балалар кітапханасы» аясында мектеп мұғалімдері Ақтау қаласындағы Қабиболла Сыдиықұлы атындағы әмбебап кітапханасына барып, сыршыл ақын Сұлтанбек Құдайбергеннің «Жан шырағы» атты кітабының тұсау кесер рәсіміне қатысты

«Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Балалар кітапханасы» аясында 24.09.2025 жылы Ақтау қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп»КММ кітапханашысы және мектеп мұғалімдері Ақтау қаласындағы Қабиболла Сыдиықұлы атындағы әмбебап кітапханасына барып, сыршыл ақын Сұлтанбек Құдайбергеннің «Жан шырағы» атты кітабының тұсау кесер рәсіміне қатысты. Ақынның оқырманға жаңадан жол тартып отырған бұл жинаққа лирикалық өлеңдері мен аудармалары енген. Кітаптың тұсау кесеріне арналған рухани шарада жыр-шумақтар мен әдемі әуен тыңдалып, жиналған қауым қаламгерді жаңа кітабының жарыққа шығуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал жасау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

24 қыркүйек 2025 жылы мектебімізде «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал жасау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинарға мектеп директоры К.К Бердісүгірова және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.К Сұлтанова қатысты.Семинардың спикері И.В Жадько қысқа мерзімді жоспардың құрылымы туралы мұғалімдерге жан-жақты түсіндірме беріп, заманауи сабақ жоспарлауда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдарын атап өтті.
Семинар барысында ұстаздардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру мен кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді тәсілдер қарастырылды.

Қызықты үзіліс

⚜️Қызықты үзіліс⚜️
Қоңырау кезінде балаларға сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.Ойын барысында оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Ойын балалардың ойлау қабілетін дамытуға, бос уақытты тиімді өткізуге ықпал етті. Оқушылар белсене қатысып, көңілді көңіл күйде болды.
Послание Президента
Государственные символы