kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

2025 жылғы 31 қазан күні мектебімізде «Оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер – білім сапасын арттырудың кепілі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті

2025 жылғы 31 қазан күні мектебімізде «Оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер – білім сапасын арттырудың кепілі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Кеңесте І тоқсан қорытындысы, оқу сапасының деңгейі, заманауи оқыту әдістері, 2025–2026 оқу жылына біліктілік санатына өтініш беретін педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, құқықбұзушылықтың алдын алу, буллингтің себептері мен салдары сияқты маңызды мәселелер қаралды.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, тәрбие және әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Кеңес барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.

2025-2026 оқу жылының «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңес өтті

25.08.2025ж. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-2026 оқу жылының «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты:
— мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025-2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
Кеңестің міндеттері:
— 2025-2026 оқу жылында білім білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру;
— жаңа оқу жылына мақсаттар қою;
— жылдық жұмыс жоспарларды бекіту;
— мектептің басым бағыттарын айқындау;
— оқыту процесін жүзеге асыруы үшін пайдаланылатын нормативтік құжаттармен таныстыру.
Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Ағымдағы жылдың 24-і күні мектебімізде кезектен тыс директор жанындағы отырыс өтті.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. Құқықбұзушылықтың алдын алу- ортақ міндет;
2. Қорытынды аттестаттау мен аралық емтихандар туралы;
3. Мектепте заңсыз ақша жинаудың алдын алу;
4. Соңғы қоңырау кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
5. Әр түрлі

31.03.2025 ж №4-педагогикалық кеңес өтті

31.03.2025 ж №4-педагогикалық кеңес өтті
Тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1.3 тоқсан бойынша білім сапасының нәтижесі(салыстыру,талдау) — Д.Р.Көпебаева.
2. Педагогтерді аттестаттау барысы — Ү.А.Айсанова
3. ⁠ҰБТ-ға дайындық жұмысы- А.Х.Бахтиярова.
4. ⁠ББЖМ-ге дайындық барысы — Д.Р.Көпебаева.
5. ⁠Жас мамандармен жұмыс
6. ⁠Ағымдағы мәселелер

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС №3

Күн тәртібіндегі мәселелер:
🔹2024-2025 оқу жылының ІІ оқу тоқсанының қорытындысы (А.С.Ахметжанова)
🔹Біртұтас тәрбие бағдарламасы. Қауіпсіздік сабақтарының орындалысы. (Д.И.Акимова)
🔹І жартыжылда дарынды балалармен жүргізілген жұмыстардың қорытындысы(Н.Ж.Жакай);
🔹Ағымдағы мәселелер.

І тоқсан қорытындысы бойынша “Жаңартылған білім мазмұны — сапалы білімнің негізі” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті

31.10.2024 жылы І тоқсан қорытындысы бойынша “Жаңартылған білім мазмұны — сапалы білімнің негізі” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте қарастырылған сұрақтар:
1. І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының қорытындысы, қозғалыс.
2. Үздік түлектерді “Үздік аттестат”, “Алтын белгі” ұсыну;
3. “Нысаналы мектеп” жобасы
4. Дарынды балалармен жұмыс, мектепішілік олимпиаданың нәтижесі;
5. ҰБТ, Pirls
6. Кәсіптік бағдар бойынша (9-11сыныптар).

2024-2025 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі өтті

2024-2025 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі өтті
Күн тәртібінде:
1. 2024-2025 оқу жылын ұйымдасқан түрде басталуы туралы бұйрықпен таныстыру, оқу процесін жоспарлау және іске асырылуы;
2. 2023-2024 оқу жылындағы мектептің білім беру үдерісінің қорытындылары;
3. 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдығына арналған мұғалімдердің оқу жүктемесін бекіту;
4. 2023-2024 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы;
5. Мұғалімдерді аттестаттау бойынша мәлімет;
6. Жас мамандарға тәлімгер тағайындау;
7.2024-2025 оқу жылына арналған ”Біртұтас тәрбие бағдарламасы” бойынша жасалған жылдық жоспармен таныстыру;
8. “Мектепке жол” акциясы және жалпыға бірдей оқу қорынан бөлінетін оқушыларға қаржылай көмек берілуі туралы.
Послание Президента
Государственные символы