kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

2025 жылғы 8 желтоқсан күні мектебімізде тарих пәні апталығы бастау алды

2025 жылғы 8 желтоқсан күні мектебімізде тарих пәні апталығы бастау алды. Апталықтың мақсаты:оқушылардың тарихи танымын кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.Апталық аясында сынып сағаттары, танымдық сайыстар, викториналар, ашық сабақтар және шығармашылық көрмелер өткізілу жоспарланды.Іс-шаралар барысында оқушылар тарих пәніне қатысты білімдерін ортаға салып, белсенділік танытуда.Тарих апталығы оқушылардың білімін тереңдетуге, логикалық ойлауын дамытуға және тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған.

«Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап оқу трендте» (Чтение книг всегда в тренде) атты іс шара өткізілді

«Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап оқу трендте» (Чтение книг всегда в тренде) атты іс шара өткізілді. Мақсаты балалардың уақытын тиімді өткізуіне көмектесу, кітап оқуға шақыру.

Қаржылық қауіпсіздік бойынша «Qarjy saqshysy-Қаржы сақшысы»

02.12.2025ж Қаржылық қауіпсіздік бойынша «Qarjy saqshysy-Қаржы сақшысы»
оқыту ойыны (конкурс) өткізілді.
Ойынның мақсаты: Барлық деңгейден өтіп, дұрыс шешім қабылдайтын, өздігінен ойлай алатын, алаяқтардың қулығына түспейтін нағыз қаржылық қорғаушы болу.
Білім беру құндылығы: Оқушылардың дұрыс ойлауын дамыту, қаржылық алаяқтықтың қауіптері мен тәуекелдерін ажырата білу, қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және жеке жауапкершілікті нығайту.

8–11 сынып оқушылары арасында «Сақтан ұрпақ, СПИД деген қатерден!» тақырыбында сурет салу сайысы өткізілді

01.12.2025ж мектебімізде 8–11 сынып оқушылары арасында «Сақтан ұрпақ, СПИД деген қатерден!» тақырыбында сурет салу сайысы өткізілді.Іс-шараның мақсаты:оқушылардың ЖИТС (СПИД) індеті туралы танымын кеңейту, оның алдын алу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға баулу.Сайыс барысында оқушылар өз ойларын сурет арқылы жеткізіп, қауіпті індеттің адам өміріне тигізетін кері әсерін бейнелі түрде көрсетті.Шығармашылық жұмыстарда жастарды сақтануға, жауапкершілікке және өз денсаулығына ұқыпты қарауға үндейтін мазмұн қамтылды.Сайыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, қоғамдық жауапкершілік сезімін нығайтты.

6–7 сынып оқушылары арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді

21.11.2025ж мектебімізде 6–7 сынып оқушылары арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Мақсаты:оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы түсінігін қалыптастыру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, құқықтық сауаттылықтарын арттыру.Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың зиянын суретпен бейнелеу арқылы көрсетті.Іс-шара оқушылардың эстетикалық талғамдарын, көркемдік қабілеттерін дамытуға ,және адалдыққа тәрбиелеуге бағытталды.

Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды

2025 жылғы 25 қараша күні Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды.Іс-шара барысында мектебіміздің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Д.В Шуняев 7сынып оқушыларын алып барды және әскери бөлімнің құрылымы, жауынгерлік міндеттері және әскери қызметтің маңызымен танысты. Әскери қызметшілер қару-жарақ үлгілерін көрсетіп, әскери өмір туралы жан-жақты ақпарат берді.Ашық есік күні жастардың отансүйгіштік рухын арттыруға, әскери қызметке қызығушылығын оятуға және қорғаныс саласына құрметпен қарауға бағытталды.Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға рухани әсер сыйлады.

«Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында пікірсайыс (дебат) ұйымдастырылды

24.11.2025ж мектебімізде «Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында пікірсайыс (дебат) ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты:оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, қауіпсіз және сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру, өз көзқарасын еркін жеткізе білуге, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.Пікірсайыс барысында оқушылар «Буллинг – қоғам дерті» тақырыбында ой қозғап, мәселені шешу жолдары жайлы өз пікірлерін ортаға салды. Дебат барысында топтар бір-бірінің көзқарасына құрметпен қарап, мазмұнды ой бөлісті.
Іс-шараны дебат жетекшісі С.Н. Әбдикаримова ұйымдастырып, өткізді.

4-сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды

21.11.2025ж мектебімізде 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты:оқушыларға күз мезгілінің ерекшелігін таныту, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, эстетикалық тәрбие беру және өнерге баулу.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар күз туралы өлеңдер оқып, әндер шырқап, күзгі өнімдерден дәмді әрі пайдалы салаттар дайындады.Іс-шараға оқушылар жылы, көңіл-күймен қатысып, оқушылар ерекше әсер алды.

«Досбол Like» танымдық-тәрбиелік іс-шарасы өтті

21.11.2025ж мектебімізде «Досбол Like» танымдық-тәрбиелік іс-шарасы өтті.Мақсаты:оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін, қызығушылықтарын, жетістіктерін таныстырып, достық пен татулықты насихатталды.Іс-шара оқушылардың бір-бірін жақынырақ тануына, өзара қолдау мен ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.

 

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті

2025 жылғы 21 қараша күні №2 жалпы білім беретін мектепте Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті.
Семинар тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған “Білім берудегі цифрлық трансформация: Мұғалімдердің жаңа рөлі”».
Іс-шара барысында №2 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Жақай Н.Ж. өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, ашық сабақ өткізді.

Page 1 of 8
1 2 3 8
Послание Президента
Государственные символы