kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

«Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты қазақ тілінен қашықтық олимпиадасы өтті

Қыркүйек айының 22-23 күндері «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты қазақ тілінен қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 7-10 сынып оқушыларынан барлығы 25 оқушы қатысты. Оқушылар лексикалық-грамматикалық бөлімнен 70 тапсырма, оқылым бойынша 50 тапсырма орындады. Олимпиада барысы YouTube платформасындағы онлайн-трансляциямен көрсетілді.

Ата-аналарға арналған жадынама

  

«Еңбегі адал жас өрен» 4 «Ә» сынып оқушыларына арналған тәрбиелік бағыттағы кездесу өтті

«Еңбегі адал жас өрен» 23.09.25 күні
4 «Ә» сынып оқушыларына арналған тәрбиелік бағыттағы кездесу өтті. Іс-шара аясында мектеп ауласындағы өсімдіктер мен гүлдер туралы Мырзабеков Серго ағай оқушыларға танымдық ақпарат берді. Ол әрбір өсімдіктің пайдасы, күтімі және табиғатқа тигізетін пайдасы туралы түсіндіріп, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті. Балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Іс-шара оқушылар үшін өте пайдалы әрі мазмұнды өтті.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік іріктеу кезеңі өткізілді

2025 жылдың 23 қыркүйек күні, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік іріктеу кезеңі өткізілді. Конкурсқа 8-11 сынып оқушыларынан барлығы 9 оқушы 7 жобамен қатысты. Іріктеу барысында конкурстың қалалық кезеңіне «Неге қазақстандық жастар ағылшын тілін оқуға белсенділік танытады?» тақырыбымен Кемалова Алинаның жұмысы, жетекшісі Жанболатова А.Б., «Кеңістік формуласы: сәулет өнерінің математикалық негіздері» тақырыбымен Балтаева Камилланың жұмысы, жетекшісі – Балтаева Г.Р., «Қала, теңіз және зауыттар: Ақтаудың экологиялық мәселелері оқушы көзімен» тақырыбымен Нургалиева Милана мен Кузина Верониканың жұмыстары, жетекшісі Тургынбекова Ш.М. және «Заманауи электромобильдерге талдау жасау» тақырыбымен Кабатуллаев Тимур мен Мусаев Муслимнің жұмыстары жетекшісі Алагозова Г.Ж. жіберіледі.

«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп»тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті

«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп»тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысты мектеп директоры Бердісүгірова К.К ашты. Шараға мектеп әкімшілігі, 1–11-сынып ата-аналары, Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ аға УПИ полиция капитаны Аскаров Нұрғали Ержанұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Акимова Д.И. мен Нұрдаулетова Л.Б сонда-ақ оқу ісі-жөніндегі орынбасары Тлеугалиева З.Г мектеп психологы Елдузеров Н.Е қатысты.

Күн тәртібінде ата-аналармен мектептің бірлескен жұмысы, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметі туралы айтылды.

Атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар ата-аналар комитетінің төрайымы тағайындалды.

ҮНЕМДІ ТҰТЫНУ

ҮНЕМДІ ТҰТЫНУ
💧 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларға әлемдегі су тапшылығы, қазіргі кездегі су ресурстарының жағдайы мен суды үнемдеп тұтынудың маңызы туралы оқушыларға жадынамалар таратылып, ақпарат берілді.

«Менің сыныбым — буллингке қарсы» атты челлендж ұйымдастырылды

17.09.2025ж мектебімізде «Менің сыныбым — буллингке қарсы» атты челлендж ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға, достық қарым-қатынас орнатуға және буллингтің кез келген түріне қарсы тұруға тәрбиелеу.

6 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді, ата-аналарға «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында ақпарат беріліп, балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету жолдары қарастырылды

2025 жылдың 15 қыркүйек күні 6 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшісі: Белунина Алена Игоревна.Жиналыс барысында оқу жылының мақсат-міндеттері, сыныптың ішкі тәртібі, оқушылардың білім сапасы, мектеп формасы, тәртіп мәселелері және ата-аналармен бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, ата-аналарға «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында ақпарат беріліп, балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету жолдары қарастырылды. Ата-аналар белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№2жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекетттік мекемесі 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №96 бірлескен бұйрығына сәйкес бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Математика пәні мұғалімі -1 орын;
2. География пәні мұғалімі — 1 орын;
3. Физика пәні мұғалімі — 1 орын;
4. Ағылшын тілі пәні мұғалімі — 1 орын(декрет орнына);
5. Орыс тілі пәні мұғалімі — 1 орын ( уақытша декрет орнына);
6.Информатика пәні мұғалімі — 1 орын;
Ескерту: оқыту орыс тілінде.
7. Кітапханашы — 1 орын;
8. Әлеуметтік талдаушы — 1 орын;
9. Бухгалтер — 1 орын.
Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Құжаттарды қабылдау 12.09.2025 — 22.09.2025 ж аралығында жүргізіледі.
1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл
11) осы Қағидаларға 12,13 — қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы, 2/1 ғимаратта орналасқан «№2жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қабылдау бөліміне комиссия хатшысы Абаданова Алияға (тел:87752835448) жұмыс күндері сағат 09:00-13:00, 14:00-18:00 тапсыра аласыздар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр

🏫 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Мектептерде балалардың қабілетін дамытуға арналған түрлі үйірмелер жұмыс істейді: дебат, вокал, домбыра, дойбы, баскетбол, би, футбол, волейбол, робототехника, қолөнер және т.б.
Послание Президента
Государственные символы