kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

Бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№2жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекетттік мекемесі 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №96 бірлескен бұйрығына сәйкес бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Математика пәні мұғалімі -1 орын;
2. География пәні мұғалімі — 1 орын;
3. Физика пәні мұғалімі — 1 орын;
4. Ағылшын тілі пәні мұғалімі — 1 орын(декрет орнына);
5. Орыс тілі пәні мұғалімі — 1 орын ( уақытша декрет орнына);
6.Информатика пәні мұғалімі — 1 орын;
Ескерту: оқыту орыс тілінде.
7. Кітапханашы — 1 орын;
8. Әлеуметтік талдаушы — 1 орын;
9. Бухгалтер — 1 орын.
Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Құжаттарды қабылдау 12.09.2025 — 22.09.2025 ж аралығында жүргізіледі.
1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл
11) осы Қағидаларға 12,13 — қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы, 2/1 ғимаратта орналасқан «№2жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қабылдау бөліміне комиссия хатшысы Абаданова Алияға (тел:87752835448) жұмыс күндері сағат 09:00-13:00, 14:00-18:00 тапсыра аласыздар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр

🏫 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Мектептерде балалардың қабілетін дамытуға арналған түрлі үйірмелер жұмыс істейді: дебат, вокал, домбыра, дойбы, баскетбол, би, футбол, волейбол, робототехника, қолөнер және т.б.

Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Дене жаттығуларын өткізу тұжырымдамасы» аясында аптасына бір рет, сейсенбі күндері, бірінші сабақ басталғанға дейін ұзақтығы 3 (үш) минут болатын дене жаттығулары тұрақты өткізіліп басталды

Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Дене жаттығуларын өткізу тұжырымдамасы» аясында аптасына бір рет, сейсенбі күндері, бірінші сабақ басталғанға дейін ұзақтығы 3 (үш) минут болатын дене жаттығулары тұрақты өткізіліп басталды.
Бұл іс-шара оқушылардың денсаулығын нығайту, бой сергіту және оқу күніне сергек көңіл-күймен кірісу мақсатында өткізілді.

Бес минуттық үзіліс кезінде оқушылар асық ойнап, бос уақыттарын тиімді өткізді

Бес минуттық үзіліс кезінде оқушылар асық ойнап, бос уақыттарын тиімді өткізді. Ұлттық ойын арқылы олар бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, белсенді демалды. Асық ойыны оқушылардың қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға ықпал етті.

Ғылыми жобаларға қатысушы оқушылар мен жетекшілеріне және «Зерде» ғылыми жобалар конкурсына оқушыларын қатыстыруға ниетті ұстаздар үшін «Ғылыми жобалар конкурсы және «Зерде» республикалық зерттеу жобалары: тәжірибе алмасу, бағыт-бағдар» тақырыбында семинар өтті

2025 жылғы 9 қыркүйек күні мектепте ғылыми жобаларға қатысушы оқушылар мен жетекшілеріне және «Зерде» ғылыми жобалар конкурсына оқушыларын қатыстыруға ниетті ұстаздар үшін «Ғылыми жобалар конкурсы және «Зерде» республикалық зерттеу жобалары: тәжірибе алмасу, бағыт-бағдар» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында оқушылар мен мұғалімдер ғылыми жобаға қатысудың маңызы, зерттеудің кезеңдері, бағыттары жөнінде мағлұмат алды.
Ғылымға бейімделген оқушылардың болашағына бағытталған мотивациялық бейнеролик ұсынылды.
Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Н. Жақай қатысушыларға конкурс талаптары, жобаның бағыттары, бағалау өлшемдерін түсіндірді.
Химия пәні мұғалімі С. Молдағалиева зерттеудің өмірлік маңызы, ғылыми ізденістің оқушы дамуына ықпалы туралы нақты мысалдар келтіріп, олардың табысқа жету жолдарын талдады. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, жас зерттеушілерге шабыт берді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З. Тлеугалиева өткен оқу жылында жеңімпаз болған оқушысы Салимова Ситароның жұмыстарын көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында педагог-психолог А. Белунина «Менің қолымнан келеді» тақырыбында мотивациялық тренинг өткізіп, қатысушылардың өзіндік сенімін арттыруға арналған интерактивті жаттығулар жүргізді.

2025 жылғы 9 қыркүйек күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай 10-11-сынып оқушыларына диктант жаздыру іс-шарасы өткізілді

2025 жылғы 9 қыркүйек күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай 10-11-сынып оқушыларына диктант жаздыру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру және Ата заңға деген құрметін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Диктант барысында оқушылар Конституцияның маңыздылығына ерекше назар аударып, белсенділік танытты.
Іс-шара өз деңгейінде ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес өткізілді.

Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс»

Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс»
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс.
Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық.
Сол себепті, менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.
Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі бар. Мұны барлық аймаққа тарату қажет. Көптеген кәсіпкер дәл осы мәселе бойынша көмек көрсетуге әзір екенін білдіріп жатыр. Әкімдер осындай жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлерді белсенді түрде жұмылдыруы керек».

2025 жылғы 08 қыркүйек күні мектебімізде 11«Б»сынып ата-аналарының жиналысы өтті

2025 жылғы 08 қыркүйек күні мектебімізде 11«Б»сынып ата-аналарының жиналысы өтті. Жиналысты 11«Б» сынып жетекшісі Жанболатова Ақтоты Болатовна ұйымдастырып, оқушылардың оқу үлгерімі мен алда болатын ҰБТ-ға дайындық барысы туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, мектеп профориентаторы Кокенов Азамат Канатович ата-аналарға кәсіби бағдар беру бойынша кеңес беріп, жоғары оқу орындарына түсу жолдары мен мамандық таңдау маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс өте мазмұнды өтіп, ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

2025 жылғы 8 қыркүйек күні мектебімізде «Отбасы күніне» арналған сынып сағаттары өтті

2025 жылғы 8 қыркүйек күні мектебімізде «Отбасы күніне» арналған сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері оқушылармен бірге отбасы құндылықтары, ата-анаға құрмет, отбасындағы татулық пен бірлік туралы әңгімелесті. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, отбасы туралы өлеңдер оқыды.

Конкурс қорытындысы

Конкурс қорытындысы
Ақтау қаласы «№2 жалпы білім беретін мектеп » КММ — нің 2025 жылдың 22 тамыз — 02 қыркүйек аралығында жарияланған конкурс нәтижесі:
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес 2025-2026 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша өткен үміткерлер тізімі:
1. Султанова Жанна Кибатовна — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2. Губашев Адиль Адильбекович — тарих пәні мұғалімі.
Жұмысқа қабылданған адамдар 02.09.2025 жылдан бастап жұмысқа кіріседі.
Сәттілік тілейміз!
Послание Президента
Государственные символы