kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай мектебімізде 30 сәуір күні 1,2 ауысым оқушылары арасында мерекелік шеру ұйымдастырылды.

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық күні», «Бірлік сабақтары»,”Біз әртүрліміз, біз теңбіз» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді

№2 жалпы білім беретін мектепте «Достық күні», «Бірлік сабақтары»,”Біз әртүрліміз, біз теңбіз» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: Өзіне-өзі қызмет көрсетуге дағдылану; Қазақстан мәдениеті туралы ақпарат беру, әлем мәдениетімен таныстыру, бірлікке, сыйдастыққа тәрбиелеу.

“Жасыл апта” челленджі аясында 6”А” сынып оқушылары сыныптағы гүлдерге күтім жасап, гүлдерді отырғызу жолдарымен танысты

25 сәуір күні №2 жалпы білім беретін мектепте “Жасыл апта” челленджі аясында 6”А” сынып оқушылары сыныптағы гүлдерге күтім жасап, гүлдерді отырғызу жолдарымен танысты. Сонымен 7-8 сынып оқушыларының қатымуымен мектеп алаңына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызды.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Ағымдағы жылдың 24-і күні мектебімізде кезектен тыс директор жанындағы отырыс өтті.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. Құқықбұзушылықтың алдын алу- ортақ міндет;
2. Қорытынды аттестаттау мен аралық емтихандар туралы;
3. Мектепте заңсыз ақша жинаудың алдын алу;
4. Соңғы қоңырау кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
5. Әр түрлі

Буллингтен қорған! Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі жеке шекараларды қорғау!

Буллингтен қорған!
Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі жеке шекараларды қорғау
Сәуірдің 14-і күні Маңғыстау облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Ақораз Қ. бен Маңғыстау облысы ПД Киберқылмысқа іс-қимыл басқармасы Джангабаев А. 9-11 сынып оқушыларымен кездесті .
Кездесуде оқушыларға буллингтің не екені түсіндірілді, түрлері мен оның әсерлері талқыланды, қорғану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға интернеттегі жеке шекара ұғымы, әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты қорғаудың маңыздылығы, киберқауіптерден қорғану әдістерін айтылды.

23 сәуір — Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні

23 сәуір — Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні қарсаңында мектебіміздің 9-сынып оқушылары Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына экскурсия жасады.
 

“Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ” тақырыбында 8-11 сыныптар үшін жиналыс ұйымдастырылды

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жоспарға сай “Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ” тақырыбында 8-11 сыныптар үшін жиналыс ұйымдастырылды. Шара мақсаты : білім алушыларға экстремизм, терроризм туралы түсінік беру. Бүгінгі күнмен байланыстыру. Оқушыларға деструктивті ағымдардың алдын алуына арналған бейнеролик көрсетіліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің байланыс нөмерлері‼️‼️

11-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Балалардың қауіпсіздігі- ересектердің қамқорлығы” тақырыбында сабақ жиналыс өтті

Балалардың қауіпсіздігі- ересектердің қамқорлығы
Сәуірдің 20-ы күні 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Балалардың қауіпсіздігі- ересектердің қамқорлығы” тақырыбында сабақ жиналыс өтті.
Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты — дені сау, ұлттық сана -сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Ата -ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.

7- сынып оқушылары арасында “Суды үнемде- болпшақты сақта” тақырыбында танымдық сабақ өтті

Ақпанның 18-і күні 7- сынып оқушылары арасында “Суды үнемде- болпшақты сақта” тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Мақсаты:
— оқушыларға судың маңызын түсіндіру, суды үнемдеу қажеттігін ұғындыру, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру;
— суды ысырап ету- болашақ ұрпақтың тағдырына қауіп төндіру;
— суды шамадан тыс пайдалану экологиялық апаттарға әкелуі мүмкін. Әр адам суды үнемдеуге үлес қоса алады. Бұл -жерімізге қосқан үлес.
Қамтылған оқушы саны:30
Послание Президента
Государственные символы