kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

ББЖМ — 2024 тестілеуіне дайындық жұмысы

ББЖМ — 2024 тестілеуіне дайындық жұмысы

«Қыздар тәрбиесі мен гигиенасы» тақырыбында дәрігер акушер- гинеколог Ешмуратова Ш.Т-мен мектебіміздің 7 сынып қыздары арасында кездесу өтті

“2025 жылдың 9 сәуір күні «Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай «Қыздар тәрбиесі мен гигиенасы” тақырыбында дәрігер акушер- гинеколог Ешмуратова Ш.Т-мен мектебіміздің 7 сынып қыздары арасында кездесу өтті. Білім алушылар сұрақты жан-жақты қарастырып, бұл күрделі мәселеге өз көзқарастарын айта алды.
Іс-шара мақсаты:
1. Ерте жүктіліктің алдын алуға керекті ақпарат көздерімен таныстыру;
2. Жыныстық тиіспеушілік тақырыбында оқушылардың ойын қалыптастыру.
3. Қыз балаларды әсемдікке, сұлулыққа баулу.

«2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күні» мерекесіне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

№ 2 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күні» мерекесіне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жыл сайын ұйымдастырылатын кітап мерекесінің басты мақсаты — жас оқырмандарды рухани азық көзі-кітап әлемімен таныстыру, балаларды көркем әдебиет оқуға шақыру, адам өміріндегі кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Іс-шара барысында ұсынылған әдеби кітаптан кітап оқуға қызыққан оқушылар өздеріне үйге оқуға кітаптар алды.

«Түнгі қаладағы балалар» бойынша рейд жүргізілді

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алды алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» бойынша рейд жүргізілді. Түнгі рейдтік іс –шара Ақтау қаласы бойынша ойын-сауық, кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. Түнгі рейд жұмыстары кезінде компьютер клубтар, түнгі кафелерді аралап, тиісті ақпарат алынды. Рейд жүргізу барысында мектебімізден кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ.

12 сәуір — Ғарышкерлер күні

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің « №2 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 12 сәуір — ғарышкерлер күніне орай балаларды ғарыш әлемімен таныстыру, ғарышкерлер туралы мәлімет беру арқылы ғарышкерлерге деген сый-құрметтерін нығайту және ғарыш əлемі мен құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен “Ғарыш әлемі” тақырыбында шара өткізілді. Шара барысындар оқушылар мерекеге орай көрме жасады және ғарышкер киім үлгілерін көрсетті. Ғарышкерлер күні құтты болсын!

“Обобщение опыта использования современных технологии в образовательной практике” тақырыбында мектебімізде мектепішілік семинар өтті

2025 жылдың 10 күні “Назарбаев зияткерлік мектептері”дербес білім беру ұйымының Ақтау қаласы педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен серіктес мектептердің іс-шаралар жоспарына сәйкес, орта білім беру мазмұнын жаңарту және педагогтердің курстан кейінгі жұмысын қолдау, тәжірибе алмасуды үйлестіру мақсатында “Обобщение опыта использования современных технологии в образовательной практике” тақырыбында мектебімізде мектепішілік семинар өтті.

Мамандықтар әлемінде

Мамандықтар әлемінде
✅Мамандық таңдау – бұл әр адамның болашақ өмірін айқындайтын қадам.
Мектебімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.

Бракераж комиссиясы мектеп асханасында ұсынылатын тамақтың сапасын, санитарлық-гигиеналық жағдайын және сақтау мерзімдерін тексеру мақсатында жұмыс жүргізді

03.04.2025 күні Бракераж комиссиясы мектеп асханасында ұсынылатын тамақтың сапасын, санитарлық-гигиеналық жағдайын және сақтау мерзімдерін тексеру мақсатында жұмыс жүргізді. Тексерілген аспектілер:

1. Ас мәзірінің сәйкестігі – бекітілген мәзірге сәйкес пе, тағам түрлері дұрыс бөлінген бе.
2. Тамақтың сапасы – тағамдардың түсі, иісі, дәмі, консистенциясы талапқа сай ма.
3. Өнімдердің жарамдылық мерзімі – пайдаланылатын азық-түліктердің сақтау мерзімі мен шарттары.
4. Асхананың санитарлық жағдайы – қызметкерлердің гигиенасы, асхана ішінің тазалығы, құрал-жабдықтардың дұрыс қолданылуы.
5. Ыдыс-аяқтың тазалығы – жуылу сапасы, санитарлық талаптарға сәйкестігі.
Бракераж комиссиясының тексеру нәтижелері бойынша мектеп асханасында ұсынылатын тағамдардың сапасы қанағаттанарлық деп бағаланды.
1. Ас мәзірі бекітілген талаптарға сәйкес келеді.
2. Дайын тағамдардың сапасы жақсы деңгейде.
3. Өнімдердің сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдері сақталған .
4. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.
5. Ыдыс-аяқтың тазалығы мен қызметкерлердің жеке гигиенасы қалыпты.

1 сыныпқа қабылдау

31.03.2025 ж №4-педагогикалық кеңес өтті

31.03.2025 ж №4-педагогикалық кеңес өтті
Тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1.3 тоқсан бойынша білім сапасының нәтижесі(салыстыру,талдау) — Д.Р.Көпебаева.
2. Педагогтерді аттестаттау барысы — Ү.А.Айсанова
3. ⁠ҰБТ-ға дайындық жұмысы- А.Х.Бахтиярова.
4. ⁠ББЖМ-ге дайындық барысы — Д.Р.Көпебаева.
5. ⁠Жас мамандармен жұмыс
6. ⁠Ағымдағы мәселелер
Послание Президента
Государственные символы