kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін №2 жалпы білім беретін мектеп ұжымы сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін №2 жалпы білім беретін мектеп ұжымы сенбілікке шықты. Акция барысында мектеп ұстаздары мектеп ауласын тазалап, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау.

Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингіне (МОДО) дайындық жұмыстары жүргізілуде

Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингіне (МОДО) дайындық жұмыстары жүргізілуде

«Күй күмбірі» республикалық челленджі

2025 жылдың 20 наурызы күні республикалық «Күй күмбірі» атты республикалық челленджі өтті. Челленджге 11 Б сынып оқушысы Айладир Мадина мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақтығалиева Ақмарал қатысып «Балбырауын», “Ерке сылқым” күйлерін орындады.
Шара мақсаты:
Білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада ойнау өнерін насихаттау.

Армысың, әз Наурыз!

Наурыздың 19-ы күні 1–11 сынып оқушыларына Ұлыстың ұлы күн- Наурыз мерекесіне орай тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру, әртүрлі ұлттық ойындар арқылы баланың ой өрісін дамыту.

18 наурыз — ұлттық киім күні

18 наурыз — ұлттық киім күні
Ұлттық киім — қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт дәстүрінің көрінісі. Бұл күні қазақстандықтар өздерінің бірегейлігін дәстүрлі киім арқылы көрсете отырып, мәдени мұраның құндылығын мойындайды.
Бүгін, оқушыларымыз ұлттық киімдерін киіп, ұлттық киімдер шеруіне қатысты.

“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жобасы аясында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына “Балалардың қауіпсіздігі — ересектердің қамқорлығы” тақырыбында сабақ өтті.

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының 2024-2025 оқу жылына арналған құндылықтарға бағытталған жоспарына сәйкес Ақтау қаласы “№2 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жобасы аясында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына “Балалардың қауіпсіздігі — ересектердің қамқорлығы” тақырыбында сабақ өтті.

“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жобасы аясында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына “Устойчивость детей к разрушающим внешним влияниям” тақырыбында сабақ өтті

Ата-аналарды педагогикалық қолдау
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының 2024-2025 оқу жылына арналған құндылықтарға бағытталған жоспарына сәйкес Ақтау қаласы “№2 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жобасы аясында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына “Устойчивость детей к разрушающим внешним влияниям” тақырыбында сабақ өтті.

17 наурыз -Шаңырақ күніне орай мерекелік дәстүрлерді насихаттау үшін

17 наурыз -Шаңырақ күніне орай мерекелік дәстүрлерді насихаттау үшін
“Наурыз — базарлық” достық дастарханы , қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 5,6,7 сынып оқушылары қатысты.

15 НАУРЫЗ — «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» КҮНІ

15 НАУРЫЗ -«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» КҮНІ
№2 жалпы білім беретін мектебінің директоры Қ.К.Бердисугированың бастауымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 14-23 наурыз күндері «Наурызнама» онкүндігі жоспары негізінде , 15 наурыз «Қайырымдылық» күніне орай мектеп оқушыларының және директордың тәрбие жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен көп балалы отбасыларына азық-түлік және қаржылай көмек таратылды. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату бірлікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған. Іс-шараға өз үлесін қосқан барша жандарға алғысымызды білдіреміз. Қайырымдылық акциясы алдағы уақытта өз жалғасын табады.

“Амал мерекесі. Көрісу күніне” орай мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен көрісу күніне орай “ Бауырсақparty” өткізді

Наурыз айының әр күніне мән беру мақсатында 2025 жылдың 14-наурызы
“Амал мерекесі. Көрісу күніне” орай мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен көрісу күніне орай “ Бауырсақparty” өткізді.
Шара мақсаты:
1. ұлттық мейрамдардың, дәстүрлердің мәнін түсіндіру;
2. Білім алушыларға ұстаздар тарапынан үлгі көрсету,
3. Наурыз мерекесіне мән беру болып табылады.
Послание Президента
Государственные символы