kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

«Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында пікірсайыс (дебат) ұйымдастырылды

24.11.2025ж мектебімізде «Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында пікірсайыс (дебат) ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты:оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, қауіпсіз және сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру, өз көзқарасын еркін жеткізе білуге, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.Пікірсайыс барысында оқушылар «Буллинг – қоғам дерті» тақырыбында ой қозғап, мәселені шешу жолдары жайлы өз пікірлерін ортаға салды. Дебат барысында топтар бір-бірінің көзқарасына құрметпен қарап, мазмұнды ой бөлісті.
Іс-шараны дебат жетекшісі С.Н. Әбдикаримова ұйымдастырып, өткізді.

Бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№2жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекетттік мекемесі 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №96 бірлескен бұйрығына сәйкес бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Математика пәні мұғалімі — 2 орын;
2. География пәні мұғалімі -1 орын;
3.Ағылшын тілі пәні мұғалімі -1 орын (декрет орнына);
4.тарих пәні мұғалімі -1 орын;
5. Физика пәні мұғалімі — 1 орын;
6. Әлеуметтік педагог- 1 орын;
7. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары -1 орын;
Ескерту: оқыту орыс тілінде.
8. Бас есепші -1 орын;
9. Кітапхана көмекшісі — 1 орын.
Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Құжаттарды қабылдау 24.11.2025-01.11.2025 ж аралығында жүргізіледі.
1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл
11) осы Қағидаларға 12,13 — қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы, 2/1 ғимаратта орналасқан «№2жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қабылдау бөліміне комиссия хатшысы Абаданова Алияға (тел:87752835448) жұмыс күндері сағат 09:00-13:00, 14:00-18:00 тапсыра аласыздар.

4-сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды

21.11.2025ж мектебімізде 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты:оқушыларға күз мезгілінің ерекшелігін таныту, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, эстетикалық тәрбие беру және өнерге баулу.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар күз туралы өлеңдер оқып, әндер шырқап, күзгі өнімдерден дәмді әрі пайдалы салаттар дайындады.Іс-шараға оқушылар жылы, көңіл-күймен қатысып, оқушылар ерекше әсер алды.

8–11 сынып оқушыларына арналған салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

21.11.2025ж мектебімізде 8–11 сынып оқушыларына арналған салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараға эпидемиолог дәрігер С.З. Зулхожаев,психолог Г.О. Утешова және ФЗОЖ дәрігері З.А. Қосаева қатысты.Оқушыларға ВИЧ/СПИД індетінің зардаптары, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ нашақорлықтың адам ағзасына тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берілді.Мамандар оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, зиянды әдеттерден аулақ болуға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндеді.Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, дұрыс өмірлік таңдау жасауға бағытталған маңызды кездесу болды.

5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасы

2025 жылғы 22 қараша күні 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі болады. Бұл байқауда №2 жалпы білім беретін мектептен 4 оқушы математикадан білім додасына түседі. Олар: Зажицский Давид, Маммадов Акиф, Лобко Максим, Орляк Ульяна.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жоспарына сәйкес, жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі-сенім мен шекараға құрмет»тақырыбында ата—аналар жиналысында кеңес берілді

2025 жылы 21қараша мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жоспарына сәйкес, жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі-сенім мен шекараға құрмет»тақырыбында ата—аналар жиналысында кеңес берілді. Мақсаты: Бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы, жеке шекараны сақтау және зорлық-зомбылықтың алдын-алу жолдары түсіндірілді. Баланың қауіпсіздігі-әр отбасының басты құндылығы!

Дүниежүзілік балалар күніне орай «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» акциясы аясында еліміздің барлық мектептерінде бірыңғай сынып сағаттары өткізілді

21.11.2025ж Дүниежүзілік балалар күніне орай «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» акциясы аясында еліміздің барлық мектептерінде бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.Аталған іс-шара «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі жобаларды іске асыруды бақылаудың 19-тармағына сәйкес ұйымдастырылды.
Мектебімізде 7–11 сынып оқушылары арасында «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыбында бірыңғай мазмұндама жазу жұмысы жүргізілді.Мақсаты :оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және жеке қауіпсіздіктің маңыздылығын түсіндіру.Іс-шара барысында оқушылар полиция қызметінің қоғамдағы рөлімен танысып, құқықтық тәртіптің маңызын ұғынуға мүмкіндік алды.

«Досбол Like» танымдық-тәрбиелік іс-шарасы өтті

21.11.2025ж мектебімізде «Досбол Like» танымдық-тәрбиелік іс-шарасы өтті.Мақсаты:оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін, қызығушылықтарын, жетістіктерін таныстырып, достық пен татулықты насихатталды.Іс-шара оқушылардың бір-бірін жақынырақ тануына, өзара қолдау мен ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.

 

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті

2025 жылғы 21 қараша күні №2 жалпы білім беретін мектепте Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті.
Семинар тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған “Білім берудегі цифрлық трансформация: Мұғалімдердің жаңа рөлі”».
Іс-шара барысында №2 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Жақай Н.Ж. өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, ашық сабақ өткізді.

«Алғашқы көмек көрсету ережелері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

20.11.2025ж мектебімізде «Алғашқы көмек көрсету ережелері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.Мақсаты:оқушыларға күтпеген жағдайларда (жарақат, қан кету, есінен тану, күйік және т.б.) алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге баулу. Шара барысында оқушылар алғашқы көмектің негізгі кезеңдерімен, қауіпсіздік ережелерімен танысып, тәжірибелік жаттығулар орындады. Іс-шара оқушылардың өмірлік дағдыларын арттыруға, өз денсаулығына және айналасындағы адамдарға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.

Послание Президента
Государственные символы