kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

«Менің күйім – денсаулығымның кепілі» тақырыбында Ашық есік күніне орай лекция өткізілді

2025 жылғы 9 қазан күні мектебімізде 5–11сынып оқушылары арасында мектеп психологы А.И. Белунинаның ұйымдастыруымен «Менің күйім – денсаулығымның кепілі» тақырыбында Ашық есік күніне орай лекция өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың эмоционалдық жағдайына мән беру, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, психологиялық сауаттылықты арттыру.
Лекция барысында оқушылар күйзелістен арылу жолдарын, өз эмоцияларын басқару тәсілдерін үйреніп, пайдалы ақпараттар алды.

Бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№2жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекетттік мекемесі 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №96 бірлескен бұйрығына сәйкес бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Математика пәні мұғалімі — 3 орын;
2. География пәні мұғалімі — 1;
3. Информатика пәні мұғалімі — 1 орын;
4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — 1 орын (уақытша);
4. Педагог- ассистент — 1 орын;
Ескерту: оқыту орыс тілінде.
Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Құжаттарды қабылдау 10.10.2025-20.10.2025ж аралығында жүргізіледі.
1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл
11) осы Қағидаларға 12,13 — қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы, 2/1 ғимаратта орналасқан «№2жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қабылдау бөліміне комиссия хатшысы Абаданова Алияға (тел:87752835448) жұмыс күндері сағат 09:00-13:00, 14:00-18:00 тапсыра аласыздар.

Мектеп Парламенті мен Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайық» акциясы өткізілді

2025 жылғы 8 қазан күні мектебімізде Мектеп Парламенті мен Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайық» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу, айналаға жақсы көңіл-күй сыйлау. Оқушылар түрлі игі істер жасап, бір-біріне көмектесіп, ізгілік пен достықты дәріптейді.

Мектеп психологы Елдузеров Н.Е. ата-аналарға арналған «Стресс және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг өткізді

2025 жылдың 8қазанында мектеп психологы Елдузеров Н.Е. ата-аналарға арналған «Стресс және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг өткізді.
Шара барысында ата-аналарға стресс белгілері, себептері және оны жеңу тәсілдері туралы ақпарат беріліп, практикалық жаттығулар жүргізілді.Ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында отбасылық қарым-қатынаста үйлесімділік орнатуға қолдау көрсету.

Дене шынықтыру сабағында Ықлас Мадияр оқушыларға арналған жарыс ойынын ұйымдастырып, белсенді өткізді.

Дене шынықтыру сабағында Ықлас Мадияр оқушыларға арналған жарыс ойынын ұйымдастырып, белсенді өткізді. Шара барысында оқушылар жылдамдық пен ептілікті қажет ететін түрлі тапсырмаларды орындап, жақсы көңіл-күйде болды.
Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

5-6 және 7-8 сынып оқушыларының мектепішілік пәндік олимпиадасы өтті

2025 жылғы 2-3 қазан күндері 5-6 және 7-8 сынып оқушыларының мектепішілік пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға барлығы 84 оқушы қатысты. Оқушылар негізгі пәндерден тапсырмалар орындап, білімдерін ортаға салды. Олимпиада қорытындысы шығарылып, 21 оқушы қалалық пәндік олимпиадаға қатысуға іріктелді.

«Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты экологиялық акция ұйымдастырылды

2025 жылғы 4 қазан күні мектебімізде «Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар мектеп ауласын тазалап, жасыл желектерге күтім жасап, тазалыққа өз үлестерін қосты.

Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды

2025 жылғы 3 қазан күні мектебімізде Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар ұстаздарға арналған әндер айтып, би билеп, көркем сөз оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік іс-шараның мақсаты – ұстаздар қауымына құрмет көрсетіп, оларға ерекше көңіл-күй сыйлау!

Қарты бар үйдің-қазынасы бар!

Қарты бар үйдің-қазынасы бар!
Бүгін – қазыналы қарттарымызға құрмет көрсететін ерекше күн. Сіздердің өмір жолдарыңыз – біз үшін үлгі. Даналық пен сабырдың, мейірім мен парасаттың символына айналған ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарымыз, Сіздерге мың алғыс!
Бүгін қарттар күнінде шаттық болсын,
Шырайлы да шуақты күн күлімдеп.
Қазыналы қарттарымыз аман болсын,
Бар жақсыны тілейтін жүрек үндеп.
Қазыналы қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір тілейміз!
Қашанда аман-есен, ел ішінде сыйлы болыңыздар!💐💐💐

«Біз – нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет салу шарасы өткізілді

01.10.2025 ж. күні мектебімізде «Біз – нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет салу шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты — оқушылардың зиянды әдеттерге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Оқушылар өз шығармашылықтары арқылы есірткіге қарсы ұстанымдарын білдіріп, қоғамға пайдалы азамат болуға талпынатындықтарын көрсетті.
Послание Президента
Государственные символы