kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» атты жәрмеңке ұйымдастырылды

2025 жылдың 15 қазан күні мектебімізде «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың күзгі егін өнімдері мен табиғи материалдарды тиімді пайдалана отырып, ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер бұйымдарын таныстыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру және еңбексүйгіштікке баулу.
Жәрмеңкеде оқушылар мен ата-аналар дайындаған түрлі қолдан жасалған бұйымдар мен күзгі көрмелер ұсынылды.

«Менің күйім – денсаулығымның кепілі» тақырыбында Ашық есік күніне орай лекция өткізілді

2025 жылғы 9 қазан күні мектебімізде 5–11сынып оқушылары арасында мектеп психологы А.И. Белунинаның ұйымдастыруымен «Менің күйім – денсаулығымның кепілі» тақырыбында Ашық есік күніне орай лекция өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың эмоционалдық жағдайына мән беру, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, психологиялық сауаттылықты арттыру.
Лекция барысында оқушылар күйзелістен арылу жолдарын, өз эмоцияларын басқару тәсілдерін үйреніп, пайдалы ақпараттар алды.

Мектеп Парламенті мен Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайық» акциясы өткізілді

2025 жылғы 8 қазан күні мектебімізде Мектеп Парламенті мен Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайық» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу, айналаға жақсы көңіл-күй сыйлау. Оқушылар түрлі игі істер жасап, бір-біріне көмектесіп, ізгілік пен достықты дәріптейді.

«Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты экологиялық акция ұйымдастырылды

2025 жылғы 4 қазан күні мектебімізде «Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар мектеп ауласын тазалап, жасыл желектерге күтім жасап, тазалыққа өз үлестерін қосты.

Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды

2025 жылғы 3 қазан күні мектебімізде Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар ұстаздарға арналған әндер айтып, би билеп, көркем сөз оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік іс-шараның мақсаты – ұстаздар қауымына құрмет көрсетіп, оларға ерекше көңіл-күй сыйлау!

Мұғалімдер күніне орай 11”Б”сынып жетекшісі А.Б. Жанболатованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді

01.10.25ж Мұғалімдер күніне орай 11”Б”сынып жетекшісі А.Б. Жанболатованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар ұстаздарға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Іс-шараның мақсаты:мұғалім мамандығына деген құрмет пен сыйластықты арттыру.

Қарты бар үйдің-қазынасы бар

1 қазан –Қарттар күніне орай
3 «Б» сынып жетекшісі К.К Курманғалиеваның ұйымдастыруымен сынып сағаты өтті.Мақсаты – оқушыларымызға қарттарымызды құрметтеуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу және отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы туралы ой бөлісу. Сынып сағаты барысында оқушылар адамгершілік қасиеттер туралы пікірлерін ортаға салып, үлкендерге деген сүйіспеншілік пен құрмет көрсету,оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыруға бағытталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның қалалық кезеңіне №2 жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасынан 4 жобамен 5 оқушы қатысты

2025 жылғы 25-26 қыркүйек күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның қалалық кезеңіне №2 жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасынан 4 жобамен 5 оқушы қатысты. «Неге қазақстандық жастар ағылшын тілін оқуға белсенділік танытады?» тақырыбымен 11-сынып оқушысы Кемалова Алина, жетекшісі Жанболатова А.Б., «Кеңістік формуласы: сәулет өнерінің математикалық негіздері» тақырыбымен 10-сынып оқушысы Балтаева Камилла, жетекшісі – Балтаева Г.Р., «Қала, теңіз және зауыттар: Ақтаудың экологиялық мәселелері оқушы көзімен» тақырыбымен 8-сынып оқушылары Нургалиева Милана мен Кузина Вероника, жетекшісі Тургынбекова Ш.М. және «Заманауи электромобильдерге талдау жасау» тақырыбымен 10-сынып оқушылары Кабатуллаев Тимур мен Мусаев Муслим, жетекшісі Алагозова Г.Ж. қатысты.
Ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Балтаева Камилла жүлделі ІІ орын иеленсе, 8а сынып оқушылары Нургалиева Милана мен Кузина Вероника ІІІ орын иеленді.
«Кеңістік формуласы: сәулет өнерінің математикалық негіздері» тақырыбымен 10-сынып оқушысы Балтаева Камилла конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

«Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал жасау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

24 қыркүйек 2025 жылы мектебімізде «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал жасау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинарға мектеп директоры К.К Бердісүгірова және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.К Сұлтанова қатысты.Семинардың спикері И.В Жадько қысқа мерзімді жоспардың құрылымы туралы мұғалімдерге жан-жақты түсіндірме беріп, заманауи сабақ жоспарлауда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдарын атап өтті.
Семинар барысында ұстаздардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру мен кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді тәсілдер қарастырылды.

«Еңбегі адал жас өрен» 4 «Ә» сынып оқушыларына арналған тәрбиелік бағыттағы кездесу өтті

«Еңбегі адал жас өрен» 23.09.25 күні
4 «Ә» сынып оқушыларына арналған тәрбиелік бағыттағы кездесу өтті. Іс-шара аясында мектеп ауласындағы өсімдіктер мен гүлдер туралы Мырзабеков Серго ағай оқушыларға танымдық ақпарат берді. Ол әрбір өсімдіктің пайдасы, күтімі және табиғатқа тигізетін пайдасы туралы түсіндіріп, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті. Балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Іс-шара оқушылар үшін өте пайдалы әрі мазмұнды өтті.
Послание Президента
Государственные символы