kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

«Жыныстық тиіспеушілік. Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәрігер акушер-гинеколог Ешмуратова Ш.Т-мен мектебіміздің 8-9 сынып қыздары арасында кездесу өтті

2024 -жылдың 6 — желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай, Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айында «Жыныстық тиіспеушілік. Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәрігер акушер-гинеколог Ешмуратова Ш.Т-мен мектебіміздің 8-9 сынып қыздары арасында кездесу өтті. Кездесуде ерте жүктіліктің алдын алудағы жасалатын әрекеттер туралы ерлер мен әйелдердің құқығы мен міндеті жайында айтылды. Білім алушылар сұрақты жан-жақты қарастырып, бұл күрделі мәселеге өз көзқарастарын айта алды. Шараға 42 оқушы, 1 сынып жетекші, 1 ДТІЖО қамтылды.
Іс-шара мақсаты:
1. Ерте жүктіліктің алдын алуға керекті ақпарат көздерімен таныстыру;
2. Жыныстық тиіспеушілік тақырыбында оқушылардың ойын қалыптастыру.
3. Ерлер мен әйелдердің құқығын қоғамда теңестіруге әрекет ету.

“Қамқор” жобасы аясында мектеп Парламентінің “Қамқорлық” фракциясының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының 2024-2025 оқу жылына арналған құндылықтарға бағытталған жоспарына сәйкес қарашаның 15-і күні “Қамқор” жобасы аясында мектеп Парламентінің “Қамқорлық” фракциясының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат
Ақтау қаласы білім бөліміне қарасты
«№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Мектеп және театр”жобасы аясында «Ертегілерге саяхат» айдарымен 3-4 сынып оқушылары арасында орыс халқы ертегісі «Репка» желісімен сахналандырылған қойылым ұйымдастырылды. Қойылымның мақсаты: Білім алушылардың тілдік байланыс құралын шыңдау, отбасылық ынтымаққа баулу, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, рөлдік образдарды сомдауға бейімдеу. Сахналық қойылым өте қызықты және тартымды өтті.

Мектебімізде “Қазақ тілі мен әдебиеті пәні” апталығының ашылуына арналған іс-шара өтті

Мектебімізде “Қазақ тілі мен әдебиеті пәні” апталығының ашылуына арналған іс-шара өтті. Апталықтың ашылуы жазушы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған салтанатты жиыннан басталды.Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған “Әбіш Кекілбаев әлемі” атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері оқушыларды апталық барысында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып, белсенділік танытуға шақырды.
Page 8 of 8
1 6 7 8
Послание Президента
Государственные символы