25.08.2025ж. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-2026 оқу жылының «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты:
— мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025-2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
Кеңестің міндеттері:
— 2025-2026 оқу жылында білім білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру;
— жаңа оқу жылына мақсаттар қою;
— жылдық жұмыс жоспарларды бекіту;
— мектептің басым бағыттарын айқындау;
— оқыту процесін жүзеге асыруы үшін пайдаланылатын нормативтік құжаттармен таныстыру.
Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.