Оқушыларға Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығын үлгі ету, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысын ардагерлерінің ерліктерін еске алып, құрмет көрсету мақсатында бастауыш сынып оқушыларымен «Ер есімі- ел есінде» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатында оқушылар батырлар туралы мәліметтермен бөлісті, өлеңдер оқылып, презентациялар ұсынылды. Оқушылар ел қорғаны – батырлар жайлы мағлұмат алып, олардың ерлігіне құрметпен қарауға үйренді. Патриоттық рухы мен Отанға деген сүйіспеншілігі арта түсті.