2025 жылдың 5 қыркүйек күні мектебімізде «Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне» орай апталықтың ашылу шарасы өтті. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі тілде амандасып, тіл туралы өлеңдер оқып, әндер орындалып, flash mob өткізілді.
Мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілді құрметтеумен қатар, өзге ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.