2025 жылғы 15 қазанда мектептің 9-11 сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, биология, химия, құқық негіздері, география, физика пәндерінен болды. Олимпиадаға барлығы 50 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша іріктелген жеңімпаз оқушылар жалпы білім беретін олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысатын болады.
