2025 жылғы 25 Қазан – Республика күніне орай, 20 қазан күні мектебімізде барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға Республика күнінің маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.Сабақ барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы мәліметтермен танысып, тақырыпқа байланысты пікір алмасып, патриоттық өлеңдер оқыды.