10.11.25ж Жаратылыстану пәндер апталығының ашылуы болды.
Ашылу барысында оқушыларға жаратылыстану пәндері:биология, география, физика және химия туралы қызықты мәліметтер мен жұмбақтар қойылды. Балалар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Мұғалімдер апталықтың мақсаты:оқушылардың табиғат құбылыстарына деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту екенін атап өтті. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, апталықтың алдағы күндеріне жақсы бастама болды.