2025 жылдың 10 қарашасында сынып жетекшісі Ю.В. Темірханова «Ұлттық валюта күніне» арналған сынып сағатын өткізді.Сабақтың мақсаты:оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы, шығу төркіні, маңызы мен экономикалық өмірдегі рөлі туралы түсінік беру, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.Сынып сағаты барысында оқушылар ұлттық валютаның енгізілу тарихымен танысып, алғашқы теңге үлгілері мен қазіргі банкноттардың ерекшеліктері жөнінде бейнематериал көрді. Сондай-ақ «Теңге – тәуелсіздік нышаны» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, викториналық сұрақтарға жауап берілді.