kazneb.kz || kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
Мангистауская область, г.Актау, Микрорайон 3, 2
osh.2.63@mail.ru
сенім телефоны 1414
Экран Диктора

Мектеп директоры Қ.К Бердисугированың қатысуымен МО (бірлестік жетекшілерімен) отырысы өтті

05.09.2025жылы мектебімізде мектеп директоры Қ.К Бердисугированың қатысуымен МО (бірлестік жетекшілерімен) отырысы өтті. Отырыс барысында жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер мен әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарлары, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Мектеп директоры мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мен оқушылардың білім сапасын жақсарту бағытында нақты тапсырмалар берді.

«Ата Заңым-айбыным» тақырыбында мектеп мұғалімдері диктант жазды

ҚР Конституцияның 30 жылдығына арналған Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін, 05.09.2025ж «Ата Заңым-айбыным» тақырыбында мектеп мұғалімдері диктант жазды.
Сонымен қатар, тарих пәні мұғалімі Алиева Г.У мектеп ұжымына Конституцияның 30жылдығына орай дәріс өткізді.

«Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне» орай апталықтың ашылу шарасы өтті

2025 жылдың 5 қыркүйек күні мектебімізде «Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне» орай апталықтың ашылу шарасы өтті. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі тілде амандасып, тіл туралы өлеңдер оқып, әндер орындалып, flash mob өткізілді.
Мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілді құрметтеумен қатар, өзге ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.

«Көңілді үзіліс» атты қоңырау уақытында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен, 5 минуттық үзіліс кезінде,көңілді сергіту ойыны өткізілді

«Көңілді үзіліс» атты қоңырау уақытында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен,5 минуттық үзіліс кезінде,көңілді сергіту ойыны өткізілді. Балалар белсенді қатысып, жақсы көңіл-күйде болды. Үзіліс тиімді әрі қызықты өтті.

100 мыңға жуық оқушы жаңадан бой көтерген Келешек мектептеріне қабылданды

100 мыңға жуық оқушы жаңадан бой көтерген Келешек мектептеріне қабылданды
🇰🇿 Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Жаңа оқу жылында 100 мыңға жуық оқушы жоба аясында салынған 57 жаңа форматтағы мектепте білім алуды бастады.
➡️ Толығырақ gov.kz сайтында

51809 әскери бөлімінің (ПВО) майорлары Серикбаев Канат Абдугамипович және Елеушев Раххан Ашыкбаевич келіп, оқушылармен патриоттық тәрбие бағытында түсіндірме жұмысын жүргізді

03.09.2025ж мектебімізге 51809 әскери бөлімінің (ПВО) майорлары Серикбаев Канат Абдугамипович және Елеушев Раххан Ашыкбаевич келіп, оқушылармен патриоттық тәрбие бағытында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында әскери қызметтің маңыздылығы, Отан алдындағы борыш, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы мәліметтер берілді. Оқушылармен ашық сұқбат жүргізіліп, олардың әскери өмірге деген қызығушылығы артты.
Мұндай кездесулер жас ұрпақты елжандылыққа, тәртіпке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.

«Менің Отаным- Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағатты өткізілді

«Менің Отаным- Қазақстан»
“№2 Жалпы білім беретін мектеп” 2қыркүйек күні мектебіміздің барлық сыныптарында «Менің отаным-Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағатты өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға еңбекқорлық,жауапкершілік пен силастық қасиеттерін қалыптастыру,патриотизм мен құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
Өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.

“Мектебім — мейірім мекені” атты 1-қыркүйек Білім күніне орай салтанатты мереке өтті

“МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” 🔔
01.09.2025ж №2 Жалпы білім беретін мектеп “Мектебім — мейірім мекені” атты 1-қыркүйек Білім күніне орай салтанатты мереке өтті.1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндеріміз мектеппен танысып,алғашқы ұстаздарымен жүздесті.
Бұл күн-жаңа үміттер мен арман-мақсаттарға жол ашатын ерекше сәт.
Барша шәкірттерге сәттілік,ал ұстаздарымызға қажырлы еңбек тілейміз!

«Ата Заң тәуелсіздік тірегі” атты ұлттық іс-шара

30.08.2025жылы Ақтау қалалық білім бөлімі бойынша,№2 жалпы білім беретін мектебінде «Ата Заң тәуелсіздік тірегі” атты ұлттық іс-шара аясында Конституцияның 30-жылдығында орай мектебімізде 1-сыныптарға Отанымызға сүйіспеншілік,мейірімділік,адалдық, әдептілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында флешмоб өтті.

2025-2026 оқу жылының «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңес өтті

25.08.2025ж. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-2026 оқу жылының «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты:
— мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025-2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
Кеңестің міндеттері:
— 2025-2026 оқу жылында білім білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру;
— жаңа оқу жылына мақсаттар қою;
— жылдық жұмыс жоспарларды бекіту;
— мектептің басым бағыттарын айқындау;
— оқыту процесін жүзеге асыруы үшін пайдаланылатын нормативтік құжаттармен таныстыру.
Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.
Послание Президента
Государственные символы