
Пәндік олимпиадаға қатысатын 5-6 сынып оқушыларын нұсқаулықтан өткізіп, олимпиаданың қалалық кезеңінің талаптары таныстырылды




2025 жылғы 7 қараша күні мектебімізде Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб НПБ КТІЖ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Аскаров Нұрғали Ержанұлының қатысуымен 6–9-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті.Жиын барысында жолда жүру ережелері мен кибербуллинг мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мектеп психологы А.И. Белунина мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.И. Акимова бала тәрбиесі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу тақырыптарында маңызды мәліметтер ұсынды.Жиналыстың мақсаты:ата-аналарды жасөспірімдерге әсер ететін заманауи қауіптер туралы хабардар ету, девиантты мінез-құлықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіз, жауапты мінез-құлқын қалыптастыруда ата-ана мен мектептің өзара байланысын нығайту. Іс-шара ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігін арттыруға және мектеппен бірлесе жұмыс жасауға бағытталды.



2025 жылдың 10 қарашасында сынып жетекшісі Ю.В. Темірханова «Ұлттық валюта күніне» арналған сынып сағатын өткізді.Сабақтың мақсаты:оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы, шығу төркіні, маңызы мен экономикалық өмірдегі рөлі туралы түсінік беру, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.Сынып сағаты барысында оқушылар ұлттық валютаның енгізілу тарихымен танысып, алғашқы теңге үлгілері мен қазіргі банкноттардың ерекшеліктері жөнінде бейнематериал көрді. Сондай-ақ «Теңге – тәуелсіздік нышаны» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, викториналық сұрақтарға жауап берілді.
2025 жылғы 7 күні мектеп асханасында дайындалған таңғы және түскі ас мәзіріндегі тағамдарға бракераждық бақылау жүргізілді.
Бақылау нәтижесінде тағамдардың сапасы, дәмі, түсі, иісі және температурасы санитариялық-гигиеналық талаптарға толық сәйкес екені анықталды. Пайдаланылған азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сапа құжаттары тексеріліп, ешқандай бұзушылық тіркелген жоқ. Оқушыларға ұсынылған тағамдар сапалы, қауіпсіз және талаптарға сай.